Accessibility links

Ресей Иранға зымыран беру жоспарынан бас тартты


Ресей бас штабының басшысы Иранға "С-300" зымырандарын Ресей бермейтін болды деп мәлімдеді. Николай Макаровтың айтуынша, Теһранға қарсы халықаралық санкцияларға байланысты Ресей бұл жоспарынан бас тартады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров осыған дейін "С-300" зымырандарын Иранға жеткізуге БҰҰ-ның бұл елге қарсы санкциясы әсер ете алмайды деген еді. Ресей Иранмен мұндай келісімді бірнеше жыл бұрын жасаған.

Бірақ ол қаруларды жеткізу АҚШ пен Израилдің қысымына қатысты кейінге қалып келген. АҚШ пен Израиль Иран ядролық мүмкіндігін күшейтіп жатыр деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG