Accessibility links

АҚШ Ресейдің Иранға қару сатпау қаулысын қолдады


АҚШ Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Иранға әуе қорғанысы зымырындары мен басқа да қару-жарақ сатпау жөніндегі қаулысын қатты қолдап отыр. Мәскеу БҰҰ-ның санкциясы салынған Теһранмен қару саудасы келісімін бұзған.

Ақ үй таратқан мәлімдемеде, бұл АҚШ пен Ресейдің ғаламдық қауіпсіздік пен ортақ мүдделер тұрғысындағы жақынырақ ынтымақтастығын көрсетіп отыр деген.

Осыдан бір жыл бұрын Ресей Иранға С-300 зымыран жүйесін жеткізу туралы келісімге қол қойған. Бірақ оған АҚШ пен Израиль қарсылық танытып келген.
XS
SM
MD
LG