Accessibility links

Тәжікстандағы атыста 5 бүлікші қаза тапты


Тәжікстан билігінің айтуынша, елдің 25 әскерін өлтірген деген күдікпен бүлікшілерге қарсы операциялар барысында 5 содыр өлтірілді.

Хабарларға қарағанда, үкімет Рашт аймағының шығысындағы исламист-бүлікшілерді ұстау үшін кең көлемді операцияларды бастаған. Үкіметтік күштерден шығын болғаны туралы хабар жоқ.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстан, Пәкістан және Ресейдің Шешенстан аймағынан келген исламистер жексенбі күнгі қанды шабуылға жауапты деген еді.
XS
SM
MD
LG