Accessibility links

Ирақтың көршілері Бағдадты тезірек үкімет жасақтауға шақырды


Ираққа көрші елдердің сыртқы істер министрлері Бағдадты мүмкіндігінше тезірек үкіметті жасақтауға шақырды. Сәрсенбі күні Бахрейнде кездескен аймақ өкілдері Ирақ үкіметінің тез құрылуы – ұлттық, аймақтық және халықаралық қажеттілік деген.

Ирақта парламенттік сайлау өткеніне алты айдан асса да, үкіметті жасақтау жөніндегі келіссөздер нәтижесіз аяқталып келеді.

Бахрейндегі кездесуге Ирақ, Сауд Арабия, Иран, Түркия, Сирия, Кувейт, Иордания, Мысыр және Бахрейн елдерінің сыртқы істер министрлері қатысты.
XS
SM
MD
LG