Accessibility links

Әзірбайжан: қамаудағы 2 блоггердің отбасы Обамадан көмек сұрады


Әзірбайжандық екі блоггердің туыстары АҚШ президенті Барак Обамаға қайрылып, президент Илхам Алиевпен кездесуінде қамаудағы екеуді босату үшін қысым жасауға шақырып отыр.

Өткен жылы абақтыға жабылған Аднан Хажизада мен Емин Миллидің отбасылары Әзірбайжан президентімен келіссөз өткізетін Обамаға жазған ашық хаттарында осы мәселені көтеруді сұраған. Олар АҚШ президентін сөз бостандығы мен әділеттікті қорғауға үндеген.

Видео блогшы, оппозиция мүшесі Хажизада мен тағы бір блогшы Милли кафедегі төбелестен кейін бұзақылық жасады деген айыппен өткен жылы қарашада 24 және 30 айға абақтыға жабылған. Олардың қорғаушылары блогшылар арандатушы шабуылдардың құрбаны болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG