Accessibility links

Путин Арктика бейбіт аймақ болып қалу керек деді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Арктикалық елдер поляр аймағындағы ресурстарға таласпай отыр деді. Мәскеудегі арктикалық елдердің халықаралық конференциясында сөйлеген Путин, бұл аймақтағы елдер арасындағы барлық келіспеушіліктер халықаралық заңдар аясында реттеледі деп сенетінін айтты. Арктикалық форумдағы сөзінде Путин:

"Біз Арктиканы бейбіт әрі ынтымақтастық аймағы ретінде сақтап қалу өте маңызды деп білеміз. Арктика аймағы - күш-жігерімізді біріктіру мен экономика, қауіпсіздік, ғылым, білім саласында және Солтүстіктегі мәдени мұраны сақтауда шынайы әріптестік тұрғысында болуы керек".

Ресей, Канада, Құрама Штаттар, Норвегия мен Дания Артиканы қалай бөлісуге болады деген мәселені шешуге кіріскен. Америкалық зерттеушілердің айтуынша, 2030 жылға дейін ғаламдық жылыну салдарынан арктикалық мұздар еріп кетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG