Accessibility links

Вирджиниялық әйел өлім жазасына кесілді


АҚШ-тың Вирджиния штатында соңғы 100 жылда алғаш рет әйел заты өлім жазасына кесіліп, оған ажал инесі салынды.

41 жастағы Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен асыранды ұлын өлтіргені үшін ең ауыр жазаға ілігіп отыр. Бұған дейін Жоғарғы сот та, штат губернаторы да оған рақымшылық жасаудан бас тартты.

Льюис жолдасы мен баласы өлген жағдайда, сақтандыру компаниясынан жүздеген мың доллар ақша алуды көздеген. Ал, оның тапсырмасы бойынша осы қылмысты жасаған екі адам өмір-бақи түрмеге жабылды.
XS
SM
MD
LG