Accessibility links

АҚШ офицерін өлтірмек болған пәкістандық әйелге үкім шықты


АҚШ-та пәкістандық ғалым әйел Ауғанстандағы америкалық офицерді өлтірмек болды деген айыппен 86 жылға бас бостандығынан айрылды. 38 жастағы Афия Сиддиқиге сот үкімі бейсенбі күні шықты.

Массачусетс технолгия институтының нейробиолог мамандығын игерген Сиддиқи Ауғанстанда террорлық топтармен бірігіп кеткен деген күдікпен қамауға алынған. Ол қамалар алдында Америкаға қарсы ұрандар айтып, АҚШ офицерін өлтіруге әрекет еткен.

Сот тыңдауларында Сиддиқи өзінің қолдаушыларына сот үкімін дұрыс қабылдап, қақтығыс жасамауды сұраған. Оның адвокаты үкімге қарсы шағымданатындықтарын айтты.

Пәкістан бұл сот шешімі заңды болды деп, енді Сиддиқиді Пәкістанға алдырту мәселесін қарай бастаған. Сиддиқидің үкімінен кейін Пәкістанда АҚШ-қа қарсы наразылық шаралары болды.
XS
SM
MD
LG