Accessibility links

Пәкістан АҚШ-та сотталған ғалымын қайтарып алғысы келеді


Бүгін Пәкістан билігі АҚШ сотының пәкістандық ғалымды 86 жылға түрмеге жапқан шешіміне өкініш сезімін білдірді.

Америкалық офицерді өлтірмек болды деген айыппен сотталған 38 жастағы әйелді елге қайтару жағын қарастырып жатырмыз деді премьер-министр Юсуф Раза Гилани.

Үкімет басшысы “Афия Сиддиқи - өз ұлтының мақтан тұтар қызы” деп оны отанына қайтарып алуға сөз беріп отыр. Америкада білім алған нейробиолог-ғалым Сиддиқи бейсенбі күнгі сотта АҚШ офицерінің қаруын тартып алып, өзін тергемек болған оны атпақшы болды деген айыппен сотталды.

Оның үкімі шыққаннан кейін Пәкістанның бірқатар қалаларында наразылық шаралары өтті. Пәкістан үкіметі ғалым Сиддиқиді босатып алуды талап еткен халық пен исламшыл топтардың қысымы астында қалды.
XS
SM
MD
LG