Accessibility links

Жақсылық Досқалиевке қарсы қылмыстық іс қозғалды


Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі (қаржы полициясы) елдің денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.

55 жастағы медицина ғылымының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев денсаулық сақтау министрі қызметіне екі рет тағайындалған еді. Алғаш рет министрлікті 2001 жылғы қазаннан басқарған ол 2004 жылғы сәуір айынан Астанадағы медицина академиясының ректоры болып жұмыс істеді. 2007 жылы тамызда президенттік «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ал 2008 жылы қарашаның 20-сы күні ол президент жарлығымен денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалған-ды.
XS
SM
MD
LG