Accessibility links

Обама Ахмадинежадтың сөзін сынады


АҚШ президенті Барак Обама Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөзін сынады. Обама Ахмадинежадтың 11-ші қыркүйек террорлық шабуылдары туралы айтқан сөздері жеккөрушілікке толы, кешірілмейтіндей әрі ауыр сөздер болды деді.

Иран президенті сөзін осылай бастағанда, Бас ассамблеяға көптеген елдердің мүшелері залдан шығып кеткен. Оның бұл пікіріне наразылығын Обама BBC-дің парсы тіліндегі редакциясына берген сұқбатында айтты.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мен Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон Ахмадинежадтың айтқандары "ашу тудыратындай асыра сілтеушілік болды" деп айтты.
XS
SM
MD
LG