Accessibility links

"Союз" ғарыш кемесі бір күн кешігіп Қазақстанға қонды


Сенбі күні Қазақстан жеріне екі ресейлік космонавт пен америкалық астронавты мінген Ресейдің "Союз" ғарыш кемесі келіп қонды. Орбитадағы Халықаралық ғарыш стансасынан жеткен ғарыш кемесі жерге бір күнге кешігіп қонды.

Ресейдің ғарыш агенттігі ғарышкерлер ресейлік Александр Скворцов пен Михаил Корниенко және америкалық Трэйси Калдуелл Дайсон Қазақстан жеріне аман есен жетті деп хабарлады. Олар жерге жұма күні оралуы керек болған, бірақ компьютер жүйесі олардың аппаратынын бір кінәрат шыққанын анықтаған.

Бұл "Союз" ғарыш кемесі сәуір айынан бері халықаралық ғарыш стансасындағы ғалымдармен бірге жұмыс жасап келді.
XS
SM
MD
LG