Accessibility links

Израиль жетекшілері Фидель Кастроның сұқбаттарын мақтады


Израиль жетекшілері кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастроның Израилді қолдап айтқан сұқбаттарын мадақтап отыр. Израиль президенті Шимон Перес кеңсесінің хабарлауынша, Перес Кастроға Израилді қолдағаны үшін өз алғысын бідірген хат жолдаған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху де Фидель Кастроның америкалық басылымда шыққан сұқбатына ризашылығын танытқан.

Израиль Кастроның айтқандарын қолдауы өте сирек кездесетін оқиға. Себебі Кастро әдетте палестиналықтарды қолдап, Израилдің саясатын сынап келген.

Кастро осы жолғы сұқбатында Иран президенті Махмуд Ахмаиднежадтың 6 миллиондай еврей ұлты қырылған Холокосты жоққа шығарғанын сынаған. Кубаның бұрынғы жетекшісі Израилдің еврей мемлекеті ретінде болуға құқы бар деген.
XS
SM
MD
LG