Accessibility links

Таяу Шығыс бейбіт келіссөздерін сақтап қалу жолдары қаралуда


Жексенбі күні Парижге барған Палестина жетекшісі Махмуд Аббас жергілікті еврейлер жетекшісімен келіссөз өткізеді. Бұл кездесу Таяу Шығыс келіссөздеріне қауіп төндірген, белгіленген мерзімі жексенбі күні түнде аяқталатын Батыс жағалаудағы қоныстану мәселесінің жағдайды ушықтырмауын қарастырып отыр.

Аббас Израиль палестиналықтардың жерінде еврей қоныстарын салуды біржола тоқтатпаса, бейбіт келіссөздерден шығатынын бірнеше рет ескерткен.

Десе де Аббас араб тілді басылымға берген сұқбатында, егер Израиль бұл аймақтағы құрылысын уақытша тоқтату мерзімін тағы созса, келіссөздерде қалатынын айтты.
XS
SM
MD
LG