Accessibility links

АҚШ Филиппиннен кешірім сұрады


Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше елдер басшылары мен АҚШ президеті Барак Обамамен кездесуі кезіндегі келеңсіз оқиға үшін, АҚШ үкіметі Филиппин басшылығынан кешірім сұрады.

Өткен жұма күні Нью-Йоркте өткен кездесуде Филиппин жалауы теріс ілінген болып шықты. АҚШ үкіметі, қателік абайсыздан жіберлігендігін, онда ешқандай астар болмағанын айтып, мәселенің мән-жайын тексеруге уәде берді.

Айта кету керек, Филиппин - жалауы ресми түрде оң және теріс ілінетін әлемдегі жалғыз мемлекет болып табылады. Филиппиндегі ресми қабылданған шешім бойынша, ел соғыс жағдайында болған немесе әскери жағдай енгізілген кезде, оның жалауы теріс ілінеді.

Қазіргі таңда Филиппин еш елмен қырғиқабақ емес.
XS
SM
MD
LG