Accessibility links

Палестина Израильмен арадағы келіссөзін үзуі мүмкін


Палестина автономисының төрағасы Махмуд Аббас Израильмен арадағы тікелей бейбіт келіссөзді жалғастырудың не қажет, не қажетсіздігі мәселесін араб елдерінің басшыларымен кеңесте талқыламақшы.

М.Аббастың өкілі хабарлағандай, кеңес 4 қазанда өтеді. Оған дейін Израильдің дүйсенбіден бастап Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарындағы құрылысты қайта жалғастыруына байланысты Палестина жағы ешқандай ресми шешім қабылдамайды.

Автономия үкіметі егер Израиль құрылысқа қойылған мораторийді ұзартпаса, онда келіссөзді үзетінін бірнеше рет ескерткен болатын.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху дүйсенбі күні Палестина автономиясының басшылығын бейбіт келіссөзді жалғастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG