Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Феликс Куловпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның "Ар-Намыс" партиясының төрағасы Феликс Куловты қабылдады. Бұл туралы бүгін президенттің баспасөз-қызметінен хабарланды.

Дүйсенбі күні өткен кездесу кезінде Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі және ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті нығайту саласындағы рөлі талқыланды.

Кездесуден кейін, Кулов Қазақстанның Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қосқан маңызды үлесін атап өтті.
XS
SM
MD
LG