Accessibility links

Ким Чен Ир – Солтүстік Кореяның басшысы болып қалды


Корея халық-демократиялық республикасының көсемі Ким Чен Ир сейсенбі күні партия конференциясында билік басындағы Еңбек партиясының бас хатшысы болып қайта сайланды.

Оның алдында коммунистік Кореяның көсемі өзінің кенже ұлы Ким Чен Ун мен апасы Ким Ген Хиге әскери генерал шендерін берді.

Пхеньяндағы соңғы 44 жылдан бері алғаш өтіп жатқан партия конференциясында Солтүстік Кореяның билік басында маңызды өзгерістер, тағайындаулар болуы мүмкін.

Бақылаушылар Ким Чен Ирдің билік басындағы «мұрагері» болып оның кенже ұлы Ким Чен Унның есімі аталуы мүмкін деп отыр.
XS
SM
MD
LG