Accessibility links

Ауғанстан: әкімнің орынбасары қастандықтан мерт болды


Сейсенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Газни облысы әкімінің орынбасары жарылыстың құрбаны болды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жанпидашыл-содыр өзінің мотоциклімен Мохаммад Казим Аллахъяр отырып келе жатқан жеңіл көліктерге соғылып жарылған. Жарылыстан тағы 4 адам, оның ішінде әкім орыбасарының ұлы қаза болды. 10-нан астам кісі жараланды.

Аллахьяр - 7 жылдан ұзақ уақыт Газни облысы әкімінің орынбасары болып келді. 2 ай бұрын ғана ол өзінің өміріне жасалған қастандықты бастан кешкен болатын.
XS
SM
MD
LG