Accessibility links

Валют-Транзит банктің бұрынғы иесі тағы да сотталады


«Валют-Транзит» қаржылық-өнеркәсіп тобының бұрынғы президенті Айтбақы Біләлов өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Біләлов өзінің ісі бойынша сейсенбі күні Қарағандыда басталған сот мәжілісінде осылай деп мәлімдеді.

Сот ашық өтіп жатыр. Айтбақы Біләловке 8 бап бойынша айыптар тағылып отыр. Ликвидация комиссиясының өкілі оған 30 миллиардтан астам теңге немесе 200 миллион доллардан астам шығынды өтесін деген айып тақты. Соттың кезекті мәжілісі 30 қыркүйекке белгіленді.

2008 жылы А.Біләлов қаржы қылмыстары үшін 3,5 жыл мерзімге түрме жазасына кесілген болатын.

Жазаның мерзімі тамыздың аяғында аяқталды, бірақ осы кезде оның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалып, 3 тамызда тағы да тұтқынға алынды.
XS
SM
MD
LG