Accessibility links

Валюта қоры ресми Минскінің жоспарын сынға алды


Халықаралық валюта қоры Беларус билігінің бюджет саласы қызметкерлерінің айлық жалақыларын 1/3-ге дейін ұлғайту жоспарын сынға алды.

Аталмыш қордың өкілі мәлімдегендей, ресми Минскінің жоспарында «экономикалық негіздемесі жоқ» және валюта қоры мен Беларустің арасындағы бұрын қол жеткен келісімдеріне қайшы келеді.

Төртінші мерзімге қайта сайлануды көздеген Беларус президенті Александр Лукашенко қараша айына қарай орташа айлық жалақының мөлшерін 500 долларға дейін өсіруге тырысатынын мәлімдеді.

Қаржы сарапшыларының жобалауынша, бұл бюджет тапшылығын 2 есе ұлғайтуы мүмкін.

Беларустегі президент сайлауы 19 желтоқсанға тағайындалды.
XS
SM
MD
LG