Accessibility links

Солтүстік және Оңтүстік Корея келіссөздерді жандандырмақ


Солтүстік және Оңтүстік Корея екі жылдан бергі алғаш рет әскери келіссөздер жүргізеді. Екі ел министрлерінің мәлімдеуінше, келіссөздер Пханмундж елді мекенінде қыркүйектің 30 күні өтеді.

Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынас биылғы жылдың наурыз айында "Чхонан" әскери кемесіне жасалған шабуылдан кейін нашарлаған еді. Шабыуылда кемеде болған 46 теңізші қаза тапты.

Алайда Пхеньян бұл іске өзінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG