Accessibility links

ЕуроОдақ елдерінде жаппай ереуіл өтеді


Ғаламдық экономикалық дағдарыстың салдарымен күресу үшін Еуропа Одағына кіретін елдер үкіметтерінің іске асырып жатқан қатаң үнемдеу шарасына қарсы сәрсенбі күні ЕуроОдақтың барлық елінде наразылық ереуілі өтеді.

Кәсіподақтардың Еуропалық конфедерациясының жорамалы бойынша, Брюссельде өтетін ереуілге 100 мыңға жуық адам қатысады.

Осы күні Испанияда жалпыға бірдей ереуіл өтеді және елдің өзге қалаларында шерулер мен митингілер болады.

Еуропадағы ереуілді қолдау мақсатында Ресейдің тәуелсіз кәсіподақтарының федерациясы да сәрсенбі күні қатаң үнемдеу саясатына қарсы пикет өткізбекші. Бұл шара Мәскеудегі Еуропа Комиссия өкілдігі ғимаратының алдында ұйымдастырылмақ.
XS
SM
MD
LG