Accessibility links

Батыс Еуропада террорлық қастандық әшкереленді


Батыс Еуропада террористік шабуылдарды іске асыруды көздеген «Әл-Қаида» тобы мүшелерінің қастандығы әшкереленді. Жорамал бойынша, террорлық қастандықтарды Ұлыбритания мен Германияда және Францияда жүзеге асыру жоспарланыпты.

Батыс елдерінің барлау қызметтеріндегі ақпарат көздерін сілтеп көрсеткен баспасөз құралдарының хабарлауынша, террорлық шабуылдар 2008 жылы Үндістанның Мумбай қаласына жасалған қастандықтың үлгісімен іске асыру жоспарланған көрінеді. Ол жолы терроршылар Мумбайда 2 қонақүйді басып алып, бас-аяғы 160-тан астам адам қаза тапқан болатын.

Қастандықтың әшкереленгені туралы хабарлар – сейсенбі күні жарылыс болуы мүмкін деген хабарға байланысты Париждегі Эйфель мұнарасынан адамдар әкетілген соң түсе бастады.
XS
SM
MD
LG