Сәрсенбі күні Қазақстанның қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдегендей, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қарсы қылмыстық іс оның Астанадағы Медицина академиясының ректоры болған кезінде істеген заңсыз кәсіпкерлігі үшін қозғалды.
Жұманбайдың айтуынша, осы заңсыз кәсіпкерлігінің нәтижесінде Досқалиев 1.4 миллиард теңге немесе 9 миллион доллардан астам табыс түсірген көрінеді.
Сонымен қаржы полициясының мәлімдеуінше, өзіне айып тағылған соң денсаулық сақтау министрі Қазақстаннан қашып, Канадаға ұшып кетуді жоспарлаған.