Accessibility links

Ресей Иранды МАГАТЭ-мен әріптестік орнатуға шақырды.


Ресей Иранды Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) әріптестік орнатуға шақырды.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин "ядролық бағдарламасына байланысты дауды шешу үшін халықаралық делдалдармен тіл табысу Тегеранның өзіне тиімді" деді.

Виталий Чуркин келіспеушілікті дипломатиялық жолмен шешу керегін тағы айтты. Оның пікірінше, БҰҰ-ның Тегеранға қарсы санкциясы тараптар арасындағы келіссөзді жандандыруға, Иранның МАГАТЭ-мен толық әріптестік орнатуына ықпал етуге бағытталған.
XS
SM
MD
LG