Accessibility links

Журналистер комитеті Ресейдегі ахуалға алаңдайды


Журналистерді қорғайтын халықаралық комитет журналист Анна Политковская мен адамның құқын қорғаушы Наталья Эстемированы өлтірген қылмыстық істерді тергеуді аяғына дейін жеткізуді талап етпекші. Аталған ұйымның атқарушы директоры Джоэль Саймон бейсенбі күні Мәскеуде өткізген баспасөз-маслихатында осылай деп мәлімдеді.

Ол, сонымен қатар, соңғы жылдары Ресейде 19 журналистің кісі қолынан қаза болып, бірақ ол істердің біріне де тиянақты тергеу жүргізілмеуіне алаңдайтынын атап көрсетті.

Өткен сейсенбі күні адамның құқын қорғаушылармен кездесуі кезінде Ресейдің тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин тергеудің Наталья Эстемированы өлтірді-ау деген күдіктінің аты-жөнін анықтағанын хабарлады.

Эстемирова өткен жылдың шілдесінде Чешенстанда опат болған еді.
XS
SM
MD
LG