Accessibility links

Қырғызстан Қ.Бакиевті ұстап беруге 6 елге сұрау берді


Қырғызстанның Бас прокуратурасы бірқатар елге бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті және оның туыстары мен жақын маңайындағылардың іздерін кесу мен тұтқындау туралы халықаралық тергеу тапсырысын жолдады.

Бейсенбі күні Бас прокуратураның баспасөз-қызметі хабарлағандай, бұл құжаттар Ресейдің, Қазақстанның, Өзбекстанның, Беларустің, Украинаның және Ұлыбританияның заң мекемелеріне жіберілді.

Іздеу жарияланғандардың тізімінде Қ.Бакиевтің өзінен басқа 2 ұлы – Марат пен Максим, інісі Жаныш, Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Мұрат Суталинов, бұрынғы премьер-министр Данияр Үсенов және тағы 14 кісі бар.

Оларға халықаралық іздеу жарияланып, қазір оларды Интерпол желісі бойынша іздестіру үстінде.
XS
SM
MD
LG