Accessibility links

Үнді соты Айодхьядағы жер дауына үкім шығарды


Бейсенбі күні Үндістандағы сот Айодхья қаласындағы һиндулар да, мұсылмандар да даулап жатқан жер телімін екі діннің де өкілдеріне жатады деген үкім шығарды. Екі жақтың бірін қорғаған адвокаттың айтуынша, оның өзінде һиндуларға даулы жердің 2/3-і берілетін болды.

Ұзаққа созылған бұл дау – һиндулар Рама құдайының құрметіне шіркеу тұрғызу үшін, 16 ғасырда көтерілген Бабри мешітін қиратқан 1992 жылы ушықты.

Дау ақыр-аяғында діниаралық қақтығысқа ұласып, 200-дей адам құрбан болды.

Сот шешім қабылдаудың алдында Уттар-Прадеш штатының үкіметі қауіпсіздік шараларын қатаңдатты.
XS
SM
MD
LG