Accessibility links

НАТО басшысы Грузияға барды


Кеше, 30 қыркүйек күні кешке НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Грузияға барды. Ол бүгін Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадземен, қорғаныс министрлігі басшыларымен, парламент төрағасы Давид Бакрадземен келіссөздер өткізуі керек.

Андерс Фог Расмуссен Грузия премьер-министрі Николоз Гилауримен, президент Михаил Сакаашвилимен кездесіп, НАТО-ның Грузиядағы байланыс кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуды да жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG