Accessibility links

Пәкістанда НАТО-ның автоцистерналары атқыланды


Пәкістанның оңтүстігінде Ауғанстандағы НАТО әскерлеріне қажетті жанармай таситын 30-ға жуық автоцистерна атқыланды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуыл өткен бейсенбінің кешінде Синдх өлкесінің Шикарпур қаласында болды. Автоцистерналар бейтаныс біреулер оқ жаудырған кезде жанармай терминалының маңында тізіліп тұрған. Көлік жүргізушілер отқа оранған көліктерін тастап қашқан. Қаза болған немесе жапа шеккендер жоқ.

Дәл осы күні шабуылдың алдында Пәкістан үкіметі Ауғанстандағы халықаралық күштерге қажетті өз территориясы арқылы тасымалданатын жүктердің жолын бөгейтінін мәлімдеген болатын.

Оған себеп: Ауғанстандағы НАТО күштерінің соғыс тікұшақтары зымыранмен атқылап, Пәкістанның 3 жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG