Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 1 қазан күні елде күзгі армия қатарына шақыру науқаны басталды.
Қарулы күштердің қатарына 6 мыңдай жасты, өзге әскери құрамаларға тағы 8 мыңдай жасты шақыру жоспарланып отыр.
Қазақстанда әскери борышын өтеуге шақыру науқаны екі рет – көктемде және күзде өтеді.
Бірінші кезекте армияға әскери қызметтен уақытша босатылған немесе белгілі себептермен әскерге шақырылмай қалғандар, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінің түлектері шақырылады.