Accessibility links

Сәтсіз бүліктен кейін Эквадорда төтенше жағдай орнатылды


Эквадорда мемлекеттік төңкеріс сәтсіз аяқталған соң ұлттық полицияның басшысы Фредди Мартинес қызметінен түсті.

Бейсенбі күні Эквадор полициясының бөлімі айлық жалақыларының қысқартылуына наразылық білдіріп, бүлік шығарды. Бүлікшілер ел астанасы – Китоның әуежайы мен тағы басқа қалалардағы маңызды мекемелерді басып алды.

Эквадор президенті Рафаэль Корреа полицейлермен келіссөз жүргізуге келгенінде, полицейлер оны көзден жас ағызатын газбен қарсы алды. Президент ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай президентке адал арнайы әскери бөлім оны ауруханадан шығарып алып, президент кеңсесіне алып келді.

Корреа өз сарайынан халыққа үндеу жолдап, өз қолдаушыларына алғысын айтты. Эквадорда төтенше жағдай тәртібі орнатылды.

Соңғы 13 жылдың ішінде Эквадорда мемлекеттік билік кем дегенде төңкеріспен ауысты.
XS
SM
MD
LG