Accessibility links

А.Ф.Расмусен: Грузия НАТО-ға сөзсіз қабылданады


Грузияда НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің грузин басшылығымен келіссөзі басталды.

Тбилисиден тілшіміз хабарлағандай, Бас хатшының келуі Ауғанстаннан 4 грузин әскери қызметкерінің қаза болғаны туралы қаралы хабармен қатар болды. Грузин жауынгерлері Ауғанстанның Гильменд өлкесінде мина жарылыпты.

Андрес Фог Расмусен Грузияның қорғаныс министрлігінде сөйлеген сөзінде қаза болғандардың отбасылары мен бүкіл грузин халқына көңіл айтты. Одан соң Тбилисиде Грузия мен НАТО-ның байланысы кеңсесінің жаңа ғимаратын ашты.

Андрес Фог Расмусен мәлімдегендей, Грузия НАТО-ға міндетті түрде қабылданады.
XS
SM
MD
LG