Accessibility links

А.Лукашенко: мені қаралауға Кремль бұйрық берді


1 қазанда Минскіде Беларус президенті Александр Лукашенко Ресейдің баспасөз құралдарының өкілдерін жинап, баспасөз-маслихатын өткізді. Ресей аймақтарынан келген 100-ге тарта журналист Беларусте 3 күндік сапарда жүр.

Беларус президентіне қарсы ақпараттық шабуылға түсініктеме бере келе, президент Лукашенко өзін қаралайтын ондай шабуыл жасауға Кремльден нұсқау берілді деп мәлімдеді. «Лукашенконы соққыға алу» туралы бұйрықты тікелей президент Дмитрий Медведевтің өзі берді деп нақтылады беларус президенті.

«Қарым-қатынас нашар, одан да жаман болмаса. Бұлар ешқандай ақпарат құралы емес, Медведевтің командасы. Путиннің қаншалықты қолдап отырғанын мен білмеймін. Бірақ қолымда оның да осындай көзқараста екені туралы мәлімет бар», - деп мәлімдеді беларус президенті А.Лукашенко.
XS
SM
MD
LG