Accessibility links

АҚШ Ирақ жетекшілерінің үкімет жасақтаудағы талпынысын қолдайды


АҚШ Ирақтың саяси партиялар басшыларының коалициялық үкімет құру жолындағы соңғы қадамдарына қолдау білдіретінін мәлімдеді. Ирақта парламент сайлауынан бері жеті айдай уақыттың өтіп кеткені белгілі.

Шиитердің Бағдаттағы ықпалды тобы жаңа үкімет басшылығына қазіргі премьер-министр Нұри әл-Маликидің кандидатурасын қолдайтындықтарын аңғартты. Бақылаушылардың ойынша бұл Нұри әл-Маликидің премьерлік тақты сақтап қалу мүмкіндігін едәуір ұлғайтады.

Жұма күні шиитттердің радикалды көсемі Мұқтада әс-Садр Ирақтың қазіргі үкімет басының кандидатурасына қолдау танытуға дайын деген хабарлар тараған еді.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG