Accessibility links

Зымыран шабуылының құрбандары он екіге жетті


Соңғы деректерге қарағанда, Пәкістанның солтүстік-батысындағы тайпалық аймақта америкалық күштердің зымыран соққысы деп күдіктелген екі шабуылда 12 адам мерт болған.

Датта- Хела ауылындағы тұрғын үйлерге бағытталған зымыран соққылары бірнеше рет қайталанған.

Бұл ауыл Ауғанстандағы АҚШ әскерлері мен НАТО күштерін нысанаға алатын тәліптер мен Әл-қаида жаугерлерінің жасырынатын бекінісі делінеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Бакиевтің үйі

XS
SM
MD
LG