Ауғанстандағы НАТО әскерлерін жабдықтау жолы Пәкістан ресми өкілдерінің қайта ашамыз деп сендіргеніне қарамастан, үш күн бойына жабық тұр деп хабарлайды жаңалықтар агенттіктері.
Франс-пресс агенттігі Хибер аймағынан ресми өкілдің «Еш өзгеріс жоқ, жағдай сол қалпы. НАТО әскерлеріне арналған жүкті өткізетін шекара бөлігі жабық тұр » деген сөзін келтірген.
Сәл ертерек Пәкістанның АҚШ-тағы елшісі қауіпсіздік мәселелері шешілісімен шекара ашылады деп айтқан еді.