Accessibility links

Пәкістан шекара жолын қауіпсіздік нығайса ғана ашады


Пәкістан Ауғанстандағы халықаралық күштерге қажетті жабдықтарды өз елінің аумағы арқылы өткізетін жолды НАТО әскерлеріне деген елдің ашуы қайтып, қауіпсіздік мәселелері шешілісе ғана қайта ашамыз деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі Абдул Базит аймақ тұрғындарының ашу-ыза сезімі басылмай тұрғанда, шекара жолын пайдалану мүмкін емес деп атап көрсеткен.

Бейсенбі күні Пәкістан Ауғанстандағы әскери әуе күштерінің зымыран соққысынан үш әскери қызметкері қаза тапқан соң, НАТО әскерлеріне жүк жеткізілетін жолды жауып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG