Accessibility links

Обама әкімшілігі террор қаупі турасында ескертті


АҚШ үкіметі исламистерден қауіп-қатер төніп тұр деп, өз азаматтарын Еуропа аймағына бара қалған жағдайда сақтықта болуға шақырды. Мемлекеттік департамент ескертуді Вашингтонда жариялады.

Хабарларға қарағанда АҚШ-ң ресми өкілдері террор қаупі турасында Еуропа елдерінің басшыларымен кеңестер өткізген.

Британия Америка үкіметінің бұл алаңдаушылығын бөлісеміз десе, Германия Ішкі істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде қандай да бір шабуыл болатындай белгі байқалған жоқ, елдегі қауіпсіздік дабылының деңгейі өзгертілмейді деп атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG