Accessibility links

Лужков демократиялық қозғалыс құруды көздеп отыр


Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков қоғамдық қозғалыс құруды көздеп отыр. Оның сөзінше, қозғалыс "демократиялық қоғамға арналған заң құруға" көмектесетін болады. Бұл туралы Лужков «Нью Тайм» журналына берген сұхбатында мәлімдеген.

Басылымға берген сұхбатында Лужков өзінің Ресейден кетпейтіндігін айтқан. Ал қызметінен кетуі Мәскеудің мәселелерімен емес, 2011-2012 жылғы президент сайлауымен байланысты болуы мүмкін деп санайды.

Қыркүйектің 28-і күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Юрий Лужковты Мәскеу мэрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойған еді.
XS
SM
MD
LG