Accessibility links

НАТО Пәкістаннан шекара бекетін қайта ашуды сұрайды


Дүйсенбі күні НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ауғанстандағы коалициялық күштерге қажетті жүк жеткізіп тұру үшін Пәкістан маңызды шекара бекетін мүмкіндігінше тез қайта ашады деп үміттенгенін мәлімдеді.

Өткен аптада шекара бойындағы Куррам ауданында НАТО-ның соғыс тікұшақтарының әуе соққысынан өзінің 3 жауынгері қаза тапқан соң, Пәкістан үкіметі НАТО әскерлеріне қажетті жүк өтетін шекара бекеттерінің бірін жапқан болатын.

Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Курешимен кездесуі барысында Расмуссен Пәкістан жауынгерлерінің қазасына өкінішін білдірді.

Осы кезде дүйсенбі күні таңертең Исламабадтың түбінде НАТО жүктері тиілген 20-ға жуық жүк көлігі мен автоцистернаға шабуыл болып, өртелді болды. Соңғы дерек бойынша, 6 адам қаза болып, 9 кісі жараланды. Бұл шабуылды Пәкістанның тәліптері өз мойындарына алды.
XS
SM
MD
LG