Accessibility links

Ресми Дамаск 33 кісіні тұтқындауға нұсқау берді


Сирия Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Харириді қастандықпен өлтіру ісі бойынша жалған ақпар берді деген күдікпен 33 кісіні тұтқындауға нұсқау берді. Олардың ішінде судьялар мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері, саясаткерлер мен журналистер, сондай-ақ шетел азаматтары, атап айтқанда Хариридің қазасын тергеген неміс прокуроры бар.

БҰҰ жүргізген тергеу Харириге қарсы қастандыққа Сирия мен Иран қолдап отырған бітіспес «Хезболлаһ» тобының да қатысы болуын жоққа шығармады.

Ресми Дамаскі мен «Хезболлаһ» тобы ол күдікті теріске шығарып, керісінше БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілген тергеудің саяси астары бар деп айыптады.

Рафик Харири мен тағы 22 адам 2005 жылы қастандық жарылыстан құрбан болған болатын.
XS
SM
MD
LG