Accessibility links

ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды


Президент өкімімен Ғұсман Әмрин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы президент баспасөз қызметі хабарлады.

49 жастағы Әмрин бұған дейін «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы болған. Соңғы жылдары Самұрық-Қазынаның Жылжымайтын мүлік қорын басқарған.
XS
SM
MD
LG