Accessibility links

Ватикан Эдвардске Нобель сыйлығының берілуін сынға алды


Ватикан медицина саласындағы 2010 жылғы Нобель сыйлығын британиялық физиолог Роберт Эдвардске берілгендігін сынға алды.

85 жастағы ғалымға бұл сыйлық жасанды түрде ұрықтандыру саласындағы ұзақ жылғы зерттеулері үшін берілген еді. Роберт Эдвардстің ғылыми ізденістері әйелдердің бедеулігін емдеудің тәсілдерін дамытуға үлкен үлес қосқан көрінеді..

Ватикан бұған дейін жасанды ұрықтандыру принципын құптамайтындығын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG