Accessibility links

АҚШ Ауғанстандағы стратегиясын өзгертпейді


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы соғыс стратегиясын өзгертпейтінін мәлімдеді. Ол туралы президенттің АҚШ конгрессмендеріне жолдаған хатында айтылады.

Хатта атап көрсетілгендей, 2001 жылдың шілдесінде Ауғанстандағы соғыс операциясы аяқталғанға дейін президент Обама осы елге 30 мың жауынгерлік қосымша әскер жөнелтуге нұсқау берді.

Жаңа тағайындауларға тоқтала келе, Барак Обама өткен шілде айында Ауғанстандағы халықаралық күштердің бас қолбасшысы етіп генерал Дэвид Петреусті тағайындағанын еске салды.
XS
SM
MD
LG