Accessibility links

Қайыр-Теһран әуе қатынасы қайта жалғасады


Мысыр мен Иран соңғы 30 жылдан бері алғаш рет екі астана арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жалғауға келісті.
Хабарға қарағанда, тараптардың қол қойған келісіміне сәйкес, Қайыр мен Теһран арасында ұшақ аптасына 28 рет, яғни әр бағытта 14 реттен ғана қатынайтын болады.

Тікелей әуе қатынасының нақты қай күні жалғасатыны әлі белгісіз.

Қайыр мен Теһран арасындағы тікелей әуе қатынасы Ирандағы 1979 жылғы Ислам төңкерісі мен Мысырдың Израиль мемлекетін мойындауынан кейін үзілген болатын.
XS
SM
MD
LG