Accessibility links

Тель-Авив Нобель лауреатын елден шығарды


Израиль бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Палестинаның ирландиялық белсендісі Майрид Корриган Макгуайрды елден қуды. Сейсенбі күні-ақ ол Ұлыбританияға жөнелтілді.

Оның қарсаңында Израильдің Жоғарғы соты Макгуайр ханымның өзін елден шығару туралы соттың шешіміне қарсы берген аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Палестиналық белсендіге «Рейчел Корри» кемесімен Газа аймағынның қоршауын бұзуды көздеген маусым айындағы шараға қатысқаны үшін Израильге келуге тыйым салынған болатын. «Рейчел Корри» кемесі Газа аймағына қайырымдылық жүгін жеткізбек болды.

Макгуайр Тель-Авивке бір апта бұрын ұшып келген кезінде ұсталды.

Бейбітшіліктің Нобель сыйлығын Майрид Макгуайр мен Бетти Уильямс Солтүстік Ирландиядағы жанжалдасушы жақтарды бітімге келтіруге ұмтылғаны үшін 1976 жылы алған болатын.
XS
SM
MD
LG