Accessibility links

Ақтау түрмесінен жаппай қашу оқиғасы бойынша іс сотқа жіберілді


Ақтаудағы ГМ-172/1 колониясындағы сотталушылардың жаппай қашу фактісі бойынша іс қалалық сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін бас прокуратура баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақпаратқа қарағанда, қалымстық жауапкершілікке өз ісіне жауапсыз қараған колония басшысы Мұхит Жанахметов, оның орынбасары Жәнібек Хәлменов, жедел бөлім бастығы Төлеген Ысқақов мен колония басшысының кезекші көмекшісі Нұрсеиітовтер тартылып отыр.

Одан өзге, қылмыстық кодекстің 358 бабы 2 бөлігі (түзету мекемесінен қашу) бойынша жауапқа тартылып отырған алты сотталушының да ісі сотқа жіберілді.

Азаттық радиосына Ақтау қаласының концеляриясынан хабарланғандай, іс кеше қазанның 5-і күні қалалық сотқа түскен. Енді сот төрағасы алғашқы сот отырысының қашан өтетіндігі туралы шешім шығаруы тиіс.

Билығы жылы 22 маусым күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі колониясынан ауыр қылмыс жасап, сотталған 21 тұтқын қаруланып қашып кеткен еді. Олардың сегізі сол күні-ақ ұсталған: жетеуі қақтығыста мерт болып, біреуі жараланып қамауға алынған еді. Қалғандары бес күннен кейін ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG