Accessibility links

Қырғызстан ТМД елдері ішінде өнеркәсіп өндірісінің өсімімен алға шықты


Қырғызстан 2010 жылы ТМД елдері арасында өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші бойынша бірінші орынға шығып отыр. Бұл туралы ТМД-ның мемлекетаралық статистикалық комитеті хабарлап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 20,8 пайызды құрап отыр.

Екінші орында 11,5 пайыздық көрсеткішпен Армения тұр. Ал Қазақстан, Украина және Тәжікістан 10,9 пайыздық көрсеткішпен үшінші орынды өзара бөліскен.

Орта есеппен ТМД елдерінің өнеркәсіп өндірісінің биылғы көрсеткіші өткен жылмен салыстырған 9 пайызға өскен.
XS
SM
MD
LG